8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Маусым 2025 820 0
Медицина

Медицина майталмандарын марапаттады

Бүгін, маусымның 14- і күні, «Атамекен» өнер ордасында 15- маусым -медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтіп, БҚО әкімі Н.Төреғалиев, Орал қаласының әкімі М.Байменов қатысты. Шарада облыс әкімі Н.Төреғалиев құттықтау сөз сөйледі.- Құрметті денсаулық саласының қызметкерлері! Бүгінгі таңда медициналық көмекке мұқтаж барша жанға көмек қолын созып, дертіне шипа болатындай ем берген, айналасындағылардың үміт отын жағып, өмір жолдарындағы күресте бар білімі мен тәжірибесін ынта- жігері мен күш – қайратын салатын медицина қызметкерлерінің төл мерекесімен бәріңізді құттықтаймын!Батысқазақтандықтардың денсаулығын сақтау ісінде жүректілікпен, өз істеріне жауапкершілікпен қызметтерін танытып жүрген баршаңызға табыс тілеймін, – деген өңір басшысы Н.Төреғалиұлы көптеген сала ардагерлерін «Еңбек ардагері» медалімен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ Осы жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Өтешев ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгісін және «Құрмет» грамотасын, Алғыс хатты бір топ облыстық және аудандық медицина қызметкерлеріне табыстады. Аталмыш шара соңы өнерпаздардың концертіне ұласты. »
«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
105 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
59 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
289 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»