Өмірін спортпен өрнектеген ғалым
Бүгін, қазан айының 10-ы күні, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіндегі филология факультетінің ұйымдастыруымен спорт кешенінде филология ғылымдарының докторы, профессор Бүркітов Отарәлінің 70 жылдығына орай еске алуға арналған тоғызқұмалақ ойынынан университетішілік турнирдің ашылу рәсімі өтті.
Жиында аталмыш университеттің филология факультетінің деканы,философия докторы( Phd ) Айдарбек Ақболатов сөз сөйледі.-Құрметті қонақтар, жерлестер, студенттер шараға қош келдіңіздер.
Аталмыш университетте профессор, тіл біліміне өзіндік үлес қосқан және оқу орнының проректорлық қызметін атқарған Отарәлі Бүркітовтің еңбегі ұшан-теңіз. Ол тіл маманы болса да, ұлттық ойындарымыздың бірі-тоғызқұмалақты насихаттауда ерекше із қалдырды. Сондықтан да турнирдің өтуіне қолдау танытқан университеттің ректоры Нұрлан Серғалиевке ризашылығымыз мол. Сондай-ақ сайысқа демеушілік танытқан еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстазымыздың шәкірттеріне, тума-туыстарына алғысым зор. Барлық ойыншыларға сәттілік пен табыс тілеймін!-деді.
Сонымен қатар университеттің тәрбие ісі жөніндегі Мерген Сүлейменов, Түймеш Малғабарқызы, Отарәлі Бүркітұлының құрдасы Ұзаққали Дәулетқалиев, балдызы Самат Ержанов турнирді ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, жылы лебіздерін арнады.
Салтанатты жиында студенттер әуезді әндер шырқап, қатысушылардың көңілдерін серпілтті. Бұдан соң алты факультеттің студенттері тоғызқұмалақ ойынын жалғастырды. Ойынның нәтижесі туралы «Жайық үні» газетінің келесі санынан оқи аласыздар.
ГҮЛЖАН СЕРІКҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы: Ақпараттық шабуылдар жаңа технологиялық деңгейге шықты
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
БҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында бір күнде 423 жерде 760 тонна қоқыс жиналды
🇰🇿🇺🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
В ЗКО собрали 760 тонн мусора на 423 локациях за один день в рамках акции «Таза Қазақстан»
Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»
Қазақстанда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында @TazaQazBot Telegram чат-боты өз жұмысын жалғастыруда
Казахстан стал лидером в Центральной Азии по ВВП на душу населения, обогнав Россию и Китай

Кіру