8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Шілде 2024 4897 0
Бәрекелді!

Тұңғыштар мекені «таңқалдырды»

Кеше, 26 шілде күні кешкісін Бөкейорда ауданының көркемөнерпаздары оралдық көрермендерге керемет концерт ұсынды.

Тамаша кеште көрермен қауымның назары 86 жастағы  Қаламқас Жасқалиқызына ауды. Ауылдық жерде қарапайым тірлік кешіп жатқан әже Қадыр Мырза Әлінің 35 өлеңін жатқа біледі. Ол ақын өлеңдерін  тебірене  оқып, көзайым көрерменді өзіне жалт қаратты!  Сөйтіп, Тұңғыштар мекені» өнерімен елді таңқалдырды.

Биыл жыл басында Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы «Ауыл – атамекен пернесі» атты тың жобаны қолға алды. Басты мақсат –  Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, аты аңызға айналған Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай, өміршең жырларын халыққа насихаттап,  рухын ұлықтау. Сондықтан Қадыр Ғиниятұлына арналған ғибратты шаралар  облыста тым ертерек басталып  кетті.

Соның ішінде  барша аудан өнерпаздары Орал қаласының  орталығында орналасқан Қадыр сарайға келіп,  ашық аспан астындағы атшаптырымдай  театрда өнерлерін паш етуде. Бұл жолғы кезек бөкейордалықтарға бұйырып, кеш шымылдығы әйгілі «Ақ Жайық» әнімен басталды.   «Мен сені сағындым ғой, Ақжайығым» дегеннен-ақ, көрермен қауым қиқулап қоя берді.  Екі сағат бойы көзайым жұртшылық Қадыр ақынның өлеңіне жазылған небір тамаша әндерді шалт көңілмен, зор ықыласпен тыңдады.Өйткені, 200-ден астам әнге мәтін жазған дара дарынның әдебиетте де, ән әлемінде де орны бөлек. «Өз елім», «Цыған серенадасы», «Асыл әже», «Тамаша», «Жездеке» секілді  өлеңдеріне жазылған әндері шырқалғанда көрерменде қосыла жөнелді. Кеш  соңы  әйгілі «Атамекен» әнімен түйінделіп, алаулап от шашылды.

Бұдан соң сахна төріне көтерілген  Бөкей орда ауданы әкімінің орынбасары Кеңсары Нұршинов барша жерлестеріне, осы жобаны қолдаған мәдениет басқармасына және Қадыр орталығына ризашылығын білдірді. Аудан әкімі Нұрлыбек Дауымовтың сәлемін жеткізіп, кеш қонағы, ақынның бауыры Күләш Ғиниятқызына кестелі орамал мен оюлы камзол сыйлады. Осы ретте Қадыр Мырза Әлі атындағы БҚО мәдениет және өнер орталығының  директоры Серік Тоқмамбетов те шалғайда жатқан Құм-Нарынның өнерлі ұжымына, «Әжелер» ансамбліне, талантты жастарға ақ жол тіледі.


 Басқа да аудандардың концертіне қатысып жүрмін. Зал іші тап осылай толған емес. Бүгін концертке халық өте көп жиналды.  Бөкейордалықтар бұл жобаға үлкен дайындықпен келіпті. Әсіресе, мені де жасы сексен алтыға келіп, сахнада ағамның өлеңдерін мүдірмей, мәнерлеп оқыған Қаламқас  әже таңқалдырды. Өнері үстем болсын! – деді Күләш апай.

Шырайлы кеш соңында «Тұңғыштар мекенінен» келген таланттарға БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан ықылас гүлі сыйланды.

Мира ХАМЗАҚЫЗЫ,
«Жайық ҮНІ»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»