8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Ақпан 2024 16008 0
Дені сау ұлт

Тегін қан тапсыратын донорларға өтемақы мөлшері арттырылмақ

Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған.


«Қанды ақысыз тапсыратындар үшін қосымша екі күн демалыс беру заңнамамен бекітілген. Донорларға энергетикалық шығынды қалпына келтіру үшін бұйрықпен айқындалған 0,25 АЕК (923 теңге) мөлшерінде өтемақы төленеді. Дегенмен, есептеулерге сәйкес, донордың қан тапсырған күнгі энергетикалық шығынын қалпына келтіру үшін 4 790 ккал-ды қамтамасыз ететін тағам қажет. Бұл ақшаға шаққанда 4 269,11 теңгені немесе 1,25 АЕК-ті (2023 жылғы АЕК-пен есептегенде) құрайды», – деді Тамара Дүйсенова жауабында.

Оның атап өтуінше, донорларға төленетін өтемақыны көтеру үшін қосымша шамамен 848 млн теңге қажет.

«Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі донорларға төлемнің өлшемшарттары мен мөлшері ережесіне тегін донорларға ақшалай өтемақыны 0,25 АЕК-тен (923) 1,25 АЕК-ке (4 615 теңге) дейін арттыру бөлігінде өзгертулер енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл ұсынысты Республикалық бюджеттік комиссия қарауына ұсыну жоспарланып отыр», -деді вице-премьер.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
187 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
232 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
414 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
402 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»