Министр талапқа сай емес диплом берген университеттерді жазалау туралы
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек берген дипломдары кәсіби біліктілік талаптарына сай болмаған университеттерден оқу ақысын қайтарып алу туралы ұсынысты қолдамайтынын айтты.
«Былтыр Қазақстанда кәсіби біліктіліктер туралы жаңа заң шықты. Осы заңды біз ақырындап, баяу енгізіп жатырмыз. Бұл заң бойынша мамандықтар реттелетін және реттелмейтін мамандықтар деп екіге бөлінеді. Ақырындап реттелетін мамандықтарға да мән беруіміз керек. Енді кейбір мамандық иелеріне еңбек нарығында жұмыс табу үшін диплом ғана жеткіліксіз. Сырттай тәуелсіз комиссия немесе орталық енді ол кісінің біліктілігін сертификаттаудан өткізіп растау керек. Қазір осы заңның ішінде «Біліктілікті тәуелсіз растау» деген ұғым бар. Сондықтан осы жұмыс ақырындап-ақырындап жасалып келе жатыр. Оны бірден енгізсе, біздің түлектеріміз де дайын емес, жоғары оқу орындары да дайын емес – үлкен проблема болады. Бірақ биыл осы жүйені сіздермен сынақтан өткізуіміз керек. Ол үшін бірнеше жоғары оқу орнын таңдап алуымыз керек. Диплом иесінің біліктілігі расталмаған жағдайда не істейді? Жұмыс беруші оқу бітірген маманды дипломымен қабылдамаса, оны оқытқан жоғары оқу орны қандай жауапкершілік арқалайды? Грантпен оқыса кім жауап береді, ақылы негізде оқыса кім жауап береді? Осы сияқты көптеген сұрақ шығып жатыр», – деді министр Л.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен форумда.
Саясат Нұрбек депутаттар тарапынан жазалаудың қатал түрі ұсынылғанын да айтып қалды.
«Мәжілісте осындай бір пікірлер айтылып жатыр. Түлектің біліктілігі расталмаған жағдайда оны оқытқан жоғары оқу орны жазасын шегу керек деп отыр. Ол жаза қаржылай тұрғыда болу керек деген ұстаным. Мысалы, Ұлыбританияда түлек тәуелсіз емтихан арқылы дипломындағы кәсіби біліктілігін растай алған күннің өзінде кейін жұмыста сол маманның кесірінен апат немесе басқа да келеңсіз жайт орын алса, компанияға үлкен бір шығын келсе, сақтандыру төлемінің 70-80 пайызын жоғары оқу орны мен біліктілік сертификатын берген тәуелсіз институт төлейді. Біздің институттар, жоғары оқу орындары ондайға дайын ба, дайын емес пе? Былай қарасаңыз өте қатал ұсыныс. Бірден айтайын, Мәжіліспен ақылдасып, ондай шараларды қолдаған жоқпыз. Біздің қазіргі ұстанымымыз – «Әлі дайын емеспіз». Кейін осыған өтуіміз керек. Сынақтан бірнеше университетте өткізіп көреміз. «Атамекен» палатасымен бірге, тәуелсіз сертификаттау институттарымен бір эксперимент жасауымыз керек. Стратегиямыз содан кейін ғана белгілі болады», – деді ведомство басшысы.
Дереккөз: kazinform.kz
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Кіру