8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қаңтар 2024 2691 0
Құттықтаймыз!

Ұлттық ұлан күні аталып өтілді

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін мемлекетіміздің қорғанысын күшейту және шекарамызды бекіту мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы бүгінде 32 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның Ішкі әскері құрылды. Сол Ішкі әскер 2015 жылдың 10 қаңтарында Ұлттық ұлан әскері болып қайта қалыптасты.  Сол кезден бастап Ұлттық ұлан жауынгерлері ел тыныштығын қамтамассыз етіп, өздеріне жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды абыроймен атқарып келеді.

Бүгін Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы өздерінің отыз екі жылдық мерей тойын кең көлемде атап өтті.

Мерекелік іс-шара әскери оркестірдің сүйемелдеуімен, Қазақстан Республикасының әнұранын шырқаумен басталды. Іс-шара барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Бекайдар Қазкеев, лауазымдық міндеттерін абыроймен атқарған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының және өз атынан арнайы төс белгілер мен марапаттар табыстады.

Бұдан кейін өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы Бекайдар Маратұлы сөз алып, Ұлттық ұланның құрылу тарихына көз жүгіртіп, әскердің дамуы мен дұрыс қалыптасуына  үлестерін қосқан әскери қызметшілер мен  ардагерлерге құрмет көрсетті.

Айта кетейік, аталмыш шараға бірлесіп іс-қимыл жасайтын құқық қорғау органдарының басшылары да қатысып, ұландықтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап ізгі ниеттерін білдірді. Салтанатты іс-шара «Атамекен» өнер ордасының талантты жастарының концерттік бағдарламасымен өз жалғасын тапты.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
237 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
417 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
405 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»