8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қаңтар 2024 9368 0
Дені сау ұлт

Қызылшаға қарсы қосымша 1,5 млн доза вакцина сатып алынды


Қазақстанда қызылша ауруына қарсы қосымша екпе сатып алынды. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Елімізде қызылша ауруының үдеуіне байланысты қосымша 1,5 млн доза вакцина сатып алынды», – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы түрлі инфекциялық аурулар оның ішінде қызылшаға қарсы вакцинаны ауыл халқына жеткізуді құзырлы органдарға жүктеді.

«Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, әсіресе ауылдық жерлерге жеткізу кезінде вакциналарды сақтау мен тасымалдаудың тиісті режимін қамтамасыз етуі қажет. Бұл мәселе бойынша медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру керек», – дейді ол.

Бұған дейін Әлихан Смайылов қызылша ауруына қатысты қазіргі жағдай елімізде соңғы 10 жылда болмағанын айтқан еді.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ғылым
«АЭС: Инвестиция энергиясы»
05 Тамыз 2026
68 0
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
168 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»