8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қаңтар 2024 3041 0
Бәрекелді!

МЕДИЦИНА КӨЛІКТЕРІНІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында ұлт денсаулығы жақсы болса, қоғамның орнықты дамитынын баяндап, медицина саласында қордаланған мәселелерді шешуге аса мән берген еді. Осыған орай денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат жылдан-жылға көбейіп келеді.

Ауылдардағы медициналық мекемелерді материалдық-техникалық жағынан барынша жабдықтау, шалғайдағы елді-мекендердің тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Сырым ауданына 4 санитарлық автокөлік алынды.

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов 4 автокөліктің екеуін аудандық ауруханаға және Алғабас, Елтай ауылдық округтеріне медицина көлігінің кілтін табыс етті.

– Биылғы 2024 жылымызды игі істермен бастағалы отырмыз. Ауданымыздың денсаулық саласының материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында жаңадан жедел жәрдем автокөліктері табыстамақпыз. Ауданымызда барлығы 18 жедел жәрдем автокөлігі болса, соның 90%-ының тозығы жеткен.

“Соболь” маркалы жедел жәрдем автокөліктері жол талғамайды, іші алғашқы көмек көрсетуге арналған замануи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартады деген сөз. Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған жедел жәрдем автокөліктері ауыр халдегі науқастарды аудан орталығына жеткізуге үлкен көмек көрсетеді.
Пайдалануға берілгелі тұрған автокөліктер ел игілігіне қызмет етіп, аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер көрсетіп, ауданымыздың медицина саласы дами берсін. Ауданымыздың медицина саласының қызметкерлерін бүгінгі жаңа жедел жәрдем автокөлігінің табысталуымен құттықтаймын. Алдағы жұмыстарынңызға сәттілік тілеймін! – деді аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
192 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
238 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
418 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
407 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»