Жаңа көліктермен толықты
Кеше БҚО ПД арнайы автобазасында жаңа автокөліктердің кілттерін табыстау салтанатты іс-шарасы өтті.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өзінің құттықтау сөзінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Биылғы жылы Полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін облыстық бюджеттен 5.7 млрд. теңге, оның ішінде 2.1 млрд. теңге жаңа автомашиналар сатып алуға бөлінді. Қоғамдық тәртіп бойынша құқық бұзушылықтар санының төмендегенін атап өткен жөн, бірақ жол-көлік оқиғалары санының өсуі алаңдаушылық туғызады. Жаңа көлік полицейлерге жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін сапалы орындауға мүмкіндік береді, – деді БҚО әкімі Н.Төреғалиев.
Полицейлердің қарамағына жоғары қозғалғыштығы мен маневрлігі бар қуатты квадроциклдер, сондай-ақ ең жаңа «Кибер Шериф» жүйесімен жабдықталған «Kia Cerato»автомобильдері берілді. Бұл жабдық көлік ағынында жүре отырып, жылдамдық режимін бақылауға, полиция үшін жедел қызығушылық тудыратын көлік құралдарын, басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді, сондай-ақ техникалық байқаусыз және сақтандыру полисінсіз көлік құралын басқарған жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік береді.
БҚО Полиция департаментінің бастығы , полиция полковнигі Арман Оразалиев материалдық-техникалық базаны жақсарту полицейлерге құқық бұзушыларды жедел анықтауға және апаттардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
-Бүгін патрульдік полицияның автопаркі 96 көлікке толықты. Бұл жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Бүгіннен бастап үш жаңа «Кибер-шериф» автокөлігі патрульдеуге шығады, келесі жылы осындай 17 автокөлікті сатып алу жоспарлануда,- деді А. Оразалиев.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру