Тәуелсіздік күніне орай медициналық нысан ашылды
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет қаулысымен өткен жылдың соңында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жоба аясында 2023-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысында 50 медициналық нысан салу жоспарланған. Бүгінде биылға жоспарланған 12 нысанның бесеуі халық игілігіне берілді.
Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Теректі ауданына қарасты Сарыөмір ауылында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев қатысуымен 6-шы нысан есік ашты. Бұл нысанды салуға республикалық бюджеттен 374 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Құрылыс мерзімі төрт ай болса да, “Фирма ИСКОМ” ЖШС мердігер компаниясы белгіленген мерзімнен ерте аяқтады.
Аталған дәрігерлік амбулатория күніне 35 адам қабылдай алады, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған, ауыл тұрғындар арасында 22 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Дәргерлік амбулатория емдеу-профилактикалық объектісі болып саналады, ішінде жалпы дәрігерлік–профилактилық дәрігер кабинеті, процедуралық, физиотерапевттік, тіс емдейтін кабинеттер, акушер-гинеколог кабинеті, зертханалар мен дәріхана, сонымен қатар, дені сау баланың кабинеті және тағы да басқа қарастырылған.
Жалпы биыл облысымызда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 92 млрд. теңге қарастырылды. Осы жылы 5,5 млрд. теңгеге медициналық жабдық сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда 204 бірлік медициналық жабдық алынды. Сондай-ақ, облыста медициналық ұйымдарға жергілікті бюджет есебінен 1,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 81 жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды.
Жалпы сомасы 1 млрд, 733 млн теңгеге жуық қаржыға 22 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 6 нысан бар. 18 нысан бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды.
Өңір басшысы ауыл түрғындарын ел дамуына, ұлтымыздың денсаулығы зор болуына, өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа нысанның ашылуымен және келе жатқан Тәуелсіз күнімен құттықтай отырып, тарихи маныздылығына тоқтап, елімізге береке-бірлік, әр отбасыларына амандық тіледі.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру