8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Желтоқсан 2023 2861 0
Қоғам

150 мың қазақстандық қол қойған петиция жарамсыз болып шықты


150 мыңнан астам қазақстандық қол қойған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция жарамсыз болып шықты. Бұл туралы әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені туралы ақпараттан кейін қазақстандықтар мемлекет басшысына әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту қажеттігі туралы ашық үндеу жариялауды белсенді түрде бастады. Аталмыш петиция Otinish.kz сайтында жарияланған, 5 желтоқсандағы жағдай бойынша оған 150 мың адам қол қойған.

«Қарқын алған петицияға келетін болсақ, менің білуімше, ол 2021 жылы жарияланған және қазіргі уақытта бұл петицияға көптеген адам қосылды. Яғни, бұл петиция петицияларға арналған тәртіп енгізілгенге дейін басталған», – деді Алма Мұқанова.

Вице-министр петиция құрудың ресми тиісті платформасы әзірленгенін және заңға байланысты актілер деңгейінде қызметті реттеу рәсімінен өтіп жатқанын айтты.

«Бұл жағдайда тұрғындардың Е-петиция заңды платформасы іске қосылған кезде петицияны қайта құруға мүмкіндігі бар. Бірақ 150 мың қол жинаған петиция туралы айтатын болсақ, ол іс жүзінде жарамсыз, – деді Алма Мұқанова.

Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел азаматтарының өтініштерін қарауды көздейтін «Қоғамдық бақылау туралы» заңға қол қойғаны туралыжазған болатынбыз. Жаңа заңға сәйкес, Қазақстанда кемінде 50 мың қол жинаған петиция, үкімет деңгейінде қарастырылады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»