8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қараша 2023 3450 0
Оқиға

Іздеуде жүрген төрт қылмыскерді ұстады


Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 20-30 қараша күндері аралығында жергілікті атқарушы органдармен, «АМАНАТ» партиясының облыстық филиалдарымен, ұйым өкілдерімен бірлескен «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Аталған іс-шараның үш күнінде 39 қылмыс ашылды және «өткен жылдардағы» 14 қылмыс ашылды. Алып жүруге тыйым салынған заттарымен төрт адам ұсталды. Оның ішінде бір тұрғыннан «суық қару» ретінде саналатын «кастет», бес дана қару тәркіленді.

Криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген төрт қылмыскерді ұстады.
Тәртіп сақшылары үш күн ішінде 1275 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда іс-шара барысында:

  • ұсақ бұзақылық бойынша – 95 (ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы),
  • қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 110 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы),
  • ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша – 230 (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы),
  • жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін – 134 (ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша),
  • көлік құралын алкогольдік мас күйде басқаруы (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) — 14 тұлғаға хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 83 азамат жеткізілді.  ЖПІШ барысында полиция қызметкерлері 1961 жылы туған Орал қаласының тұрғынынан бір автомат және екі тапанша табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес жауынгерлік атыс қаруы, яғни оқ атуға жарамды «АК-103» Калашников автоматы және 11,43 мм калибрлі «МП-80-13Т» травматикалық тапаншасы (қосымшасы сынғандықтан атуға жарамсыз), «ИЖ СПЛ-01» маркалы старттық тапанша екені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
46 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
218 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
270 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»