8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қараша 2023 3423 0
Оқиға

Автокөлік ұрлығы қылмысын ашты

Қарашаның 21-і  сағат 10:30 кезінде Шаған Пб кезекші бөліміне 1980 жылы туған Шаған ауылының тұрғыны байланысқа шығып, Жәңгір хан көшесіндегі үйлердің ауласына қойылған «ВАЗ-2112» маркілі автокөлікті белгісіз біреудің айдап әкеткені туралы хабарлады.

Ақпарат келіп түскен бойында «Тосқауыл» жоспары жарияланды. Орал қ. ПБ Жедел-басқару орталығындағы камералардың көмегімен автокөліктің қозғалу бағыты анықталды. Полиция қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттері нәтижесінде «оқиға ізін суытпай» Орал қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен облыс орталығы аумағынан автокөлік анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта көлік иесіне қайтарылды. Ұсталған 2004 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігіне (Автокөлікті айдап әкету) сәйкес тергеу жұмыстары басталды. Айта кету керек, жыл басынан Орал қ. ПБ Жедел басқару орталығындағы бейне бақылау камераларының көмегімен 137 қылмыстық іс, оның ішінде 7 ұрлық, 20 тонау, 17 автокөлікті ұрлау, 20 бұзақылық және 73 өзге де қылмыстар ашылды.

Еске салар болсақ, қарашаның 20-сы мен 30-ы күндері аралығында облыс аумағында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, осыған байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген бағытта қызмет атқаруда.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Қаладағы құрылыс нысандары тұрақты бақылауда
07 Тамыз 2026
59 0
Ғылым
«АЭС: Инвестиция энергиясы»
05 Тамыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»