Еліміздің бірнеше ЖОО жасанды интеллект курсы оқытылады
Еліміздің бірнеше жоғары оқу орнында жасанды интеллект курсы оқытылады. Бұл туралы Елордада өтіп жатқан «Nobel fest» фестивалінде айтылды. Үш күндік форумның басты тақырыбы – жасанды интеллекттің маңыздылығы мен сандық технологияның жаңа тетіктерін меңгеру.
«Nobel fest» алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Біріңғай ғылым саласының үздіктері. Медицина, экология,сандық технология бағыттарындағы келелі мәселелерді қаузады. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында жасанды интеллект бойынша нақты тапсырмалар берді. Бұл салада бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары Білім министрі:
Біз Гугл компаниясымен бірігіп қазіргі таңда 14 ЖОО-ның негізінде арнайы пилоттық курсты бастап жатырмыз. Ол егер сәтті қолданысқа енсе келесі жылы бүкіл ЖОО-да жасанды интеллект сауаттылығы курсы оқытылатын болады. Студенттерімізді жасанды интеллектпен жұмыс істей алуына жағдай жасаймыз.
Жасанды интеллекті қолдану арқылы ғылыми зерттеу жүргізуге болады. Алайда шетелдік сарапшылар метакеңістік ғылымға дендеп кірсе, дәстүрлі білім беру жүйесінде үлкен қиындықтар туғызатынын да жасырмайды.
Гред Леонгард, «Nobel fest» сарапшысы, «Адамға қарсы технология» кітабының авторы:
Болашақта әр мамандық жасанды интеллектпен алмастырылуы мүмкін, өйткені цифрлы технология тез дамып, көп дүние компьютерленіп жатыр. Жасанды интеллект, роботтар жұмысты одан әрі жеңілдетуге мүмкіндік беретін құрал. Бірақ содан кейінгі нәтиженің дұрыстығын тексеру керек. Егер сіз бен біз оны қадағаламай, қолданысқа толық енгізсек ақпарат қауіпсізідігіне зиян келеді. Бұны ескеру қажет.
Форумда көтерілген тағы бір тақырып- экологиялық таза су, тіршілік нәрін үнемдеу, энергетика тапшылығ және климаттық өзгеріс. Бұл жаһандық проблема. Бұған билік пен халық болып емес, тұтас адамзат баласы алаңдауымыз керек дейді ғалымдар.
Рае Квон Чун, Нобель сыйлығының лауреаты, климат және тұрақты даму бойынша сарапшы:
Судың жетіспеушілігі өте маңызды мәселе. Климаттың өзгеруі күшейген сайын су мәселесі де күшейе түседі. Бұл Орталық Азия елдеріне де қатысты. Әлемдік ғалымдар қазір бұл мәселе төңірегінде кез келген ел қалай болғанда да, суды қайта өңдеу, суды үнемдеу және жаңбыр суын жинау сияқты шараларды қолға алуы керек деген пікір білдіріп жүр. Бұлардың бәрі қазірдің өзінде қол жетімді әдістер. Менің ұсынатын жобам бойынша, суды тұтынатын азаматтар жауапкершілікті сезіну керек, яғни суды үнемдеу қажет. Сонда ғана климат төңіргендегі энергетика, су тапшылығы сынды мәселелерді шеше аламыз.
«Altyn Qyran» қоғамдық қорының қолдауымен өтіп жатқан әсіресе жастардың шара ғылымға қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік береді дейді, ұйымдастырушылар.
Ақмаржан Ғафизқызы, тілші:
Нобель фестивальдың жаңалығы мұнымен түйінделмейді. Үш күнде үлкен жұмыстар атқарылмақ. Шара шартарап назарын Қазақстанға бұрды. Себебі Нобель сыйлығының иегерлері пікір алмасады. Бүгінде ғылым саласында үдерістер әлемдегі барлық елдің тәжірибесіне еніп, білім-ғылымды игеруде жаһандық жаңалықтар баршаға қолжетімді болуы маңызды. Астанада басталып, әлемнің бірнеше еліне тікелей эфирде тараған алтыншы Нобель фестивалінің мақсаты да сол. Келесі Нобель Фест шарасы – Пәкістанда өтеді деп жоспарланып отыр.
Версия для печатиДереккөз: qazaqstan.tv
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру