8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қазан 2023 1404 0
Оқиға

Пара бермек болған

БҚО ПД Патрульдік полиция батальонының экипажы қыркүйектің 29 күні сағат шамамен 10:15 кезінде «Самара-Шымкент» тасжолында Подстепный ауылының қасында ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) бойынша құқық бұзушылық жасаған «DAF» маркілі ауыр жүк көлігін тоқтатады.

Көлік рөлінде Беларусия Республикасының 1983 жылы туған азаматы болған. Ол полиция қызметкеріне әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін екі мың рубль көлемінде пара ұсынған. Оқиға орнына Теректі аудандық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты «Келуге міндетті» түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды. Айта кету керек, ағымдағы жылдың басында Ішкі істер министрлігімен ішкі істер органдары қызметкерлерінің адалдығын тексеру барысында «Integrrity check» пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Қазіргі уақытта әр патрульдік полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, сондай-ақ, олардың қызметтік автокөліктері және орындары ақпаратты автоматты түрде жіберетін немесе жедел басқару орталықтарына жедел әрекет ету үшін жүктейтін, азаматтармен тікелей байланыс жасау заманауи фиксаторларымен жабдықталды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
124 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
177 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
366 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
357 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»