8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қыркүйек 2023 2009 0
Қоғам

Ұстаздар күні енді ресми түрде 5 қазан күні атап өтіледі

Алғаш рет ұстаздар күнін тойлау 5 қазанда деп бекітілді. Себебі бұл күні дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі.

«Елордада Республикалық педагогтер съезі өтеді. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 700-ге жуық мұғалім қатысады. Алаңдарда педагогтер озық халықаралық тәжірибелерімен бөлісе алады», – делінген хабарламада. Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің 500 мыңға жуық педагогы жұмыс істейді.

«Төрт жыл ішінде педагогтардың жалақысы екі есеге өсті. 220 мыңға жуық мұғалім санат үшін 50%-ға дейін үстемеақы алады. Өндірістен тартылған техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері жалақыға 35%-ға дейін қосымша ақы алады. Биыл қыркүйек айынан бастап 97 мың тәрбиешінің жалақысы тағы 30%-ға өсті», – деп толықтырды оқу-ағарту министрлігі.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
70 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
106 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
202 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
185 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»