8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қыркүйек 2023 1317 0
Руханият

Хамзатану мәселелері сөз болды

Бүгін, 21 қыркүйек күні «Атамекен» өнер ордасының конференц залында «Жаңа Қазақстан: ХХ ғасырдағы әдеби-тарихи үдеріс және хамзатанудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.
Конференцияның салтанатты ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, қарымды қаламгер қалдырған мұраның өлке үшін ғана емес, еліміз үшін маңызын атап өтті. Конференцияға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр модераторлық етуде.
Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Дина Есенжан сөз сөйлеп, айтулы күнмен құттықтады. Сондай-ақ ғылыми басқосуға академик, биология ғылымдарының докторы, Хамза Есенжановтың інісі Айтқожа Биғалиев қатысып отыр.
Конференцияда жазушының шығармашылық мұрасы мен өмір жолы туралы баяндамалар оқылады.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
121 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
216 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
199 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»