Бойжеткеннің өліміне қатысты іс қозғалды
Полиция Орал әуежайына қонған ұшақта көз жұмған бойжеткеннің өліміне қатысты іс қозғады. Тәртіп сақшылары зорлық-зомбылық белгілері жоқ өлім дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кіріскен.
17 жастағы бойжеткен, анасы мен әжесі үшеуі Түркияға тынығуға аттанған екен. Бірақ ұшақ әуеге көтерілгенде ол өзін жайсыз сезінеді. Кейін халі нашарлаған жолаушыға әуе кемесіндегі үш дәрігер көмек көрсетіп, 45 минут бойы жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдырған. Бірақ бұл ем-дом да нәтижесіз болып, қыздың жүрегі тоқтап қалыпты.
Осыдан кейін Ресейдің Қазан қаласынан Анталияға ұшқан әуе кемесі шұғыл түрде Орал әуежайына қонуға мәжбүр болыпты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, суық хабар түскеннен кейін жедел жәрдем бригадасы М.Мәметова атындағы әуежайға 15 минутта жеткен.
Бірақ дәрігерлер 2006 жылы туған жасөспірімнің ұшақ бортында дүние салғанын анықтаған. Марқұм – Татарстан азаматы, церебралды сал ауруына шалдыққаны мәлім болды.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу