Тиісті құжаттары жоқ 27 шетел азаматы ұсталды
Тамыздың 22-і күні облыс орталығы Орал қаласында жүргізілген «Учаске» жедел-алдын алу рейдтік іс-шарасын өткізу барысында Жергілікті полиция қызметкерлері мен Көші-қон полициясы қызметкерлері тиісті құжаттары жоқ шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағында еңбек етіп жүрген жерлерінен ұстады.
Аталған іс-шара барысында (сағат 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін) тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуге тұрған 86 шетел азаматының мекенжайы, шетелдік жұмыс күші тартылған 28 мейрамхана мен дәмхана тексерілді. Орал қ. ПБ уақытша қабылдап-тарату орнына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 27 шетелдік азамат жеткізілді, оның алтауы орналастырылды, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 26 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, 33 шетел азаматы «АДИС папилон» және «Образ+» дактилоскопиялық есепке қойылды. Жалпы, барлығы 33 шетел азаматы анықталды, оның 27-сі Орал қ. ПД қабылдау-тарату орнына жеткізілді. Оның ішінде Өзбекстан Республикасының азаматтары – 29, Әзірбайжан Республикасының азаматтары – 3, Тәжікстан Республикасының азаматы – 1.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Начни с себя»: встреча с молодежью в рамках идеологии «Таза Қазақстан»
Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп: БҚО-да 25 елді мекен ішімдіктен бас тартты
Олжас Бектенов құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК отырысын өткізді – жол қауіпсіздігі шаралары қаралды
Премьер-министрдің төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде ВАК отырысында көші-қон жағдайы қаралды
Батыс Қазақстан облысында ірі кәсіпорындар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды
БҚО-да қылмыстық схема әшкереленді: жастардың нашақорлыққа тартылуына жол берілмеді
Батыс Қазақстан облысында 150 студент киберволонтерлер қатарына қосылды

Кіру
Пікір үстеу