8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Тамыз 2023 3060 0
Бәрекелді!

Қазақстан спортшыларының биылғы жетістіктері қандай?

2023 жылдың басынан ресми халықаралық турнирлерде қазақстандық спортшылар 586 медаль жеңіп алды. ҚазАқпарат бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Соның ішінде Олимпиадалық спорт түрлері бойынша қазақстандық спортшылар 373 жүлдеге қол жеткізді, атап айтқанда, 121 – алтын, 111 – күміс және 141 – қола медаль. Олимпиадалық емес спорт түрлерінен 118 медаль түсті. Оның ішінде 53 – алтын, 38 – күміс, 27 – қола медаль. 95 жүлдені отандық параспортшылар жеңіп алды. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ҚР құрамасының қоржыны 33 алтын, 33 күміс және 27 қола медальмен толықты.

«Біздің спортшылар ел аумағында және шет мемлекеттерде өтетін халықаралық жарыстарда еліміздің атынан лайықты өнер көрсетіп келеді. Осы ретте, бокстан құрама команданың Ташкентте өткен әлем чемпионатында 4 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық 2-орынға ие болғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ Италияда өткен әлем чемпионатында семсерлесуші Руслан Құрбанов Қазақстан тарихында бірінші болып қола медаль иеленді. Сонымен қатар, каратэден Азия чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынды, мергендеріміздің рейтингтік әлем кубогының медальдық есебіндегі бірінші орнын үлкен мақтанышпен атап өтуге болады»,- деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Дереккөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
129 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
228 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
207 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»