Мектепке дайындық: Отбасыларға көмек ретіндегі қаражат айдың соңына дейін аударылады
Биыл тамыз айының соңына дейін 460 мыңға жуық оқушыны мектеп формасымен, кеңсе заттарымен қамтамасыз ету бағытында отбасыларға көмек беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысына сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасылардағы оқушылар 100% мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі. 2022 жылдан бастап материалдық көмек көрсету мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін ата-аналардың карта-шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұл тәсіл әр балаға көмек көрсету қаражатының көлемін реттеді (ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес, 2023 жылы – 40 567 теңге)», – делінген Оқу-ағарту министрлігінің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген жауабында.
Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған ақпаратына сәйкес, биыл жалпыға бірдей білім беру қоры 65 млрд теңгеден астам соманы құрады. Оның ішінде киіммен, аяқ киіммен және кеңсе заттарымен қамтамасыз етуге 18 млрд теңге бөлінді.
«Бұл қаражатқа 458 299 оқушыға материалдық көмек беру жоспарланған. 2023 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша өңірлер 313 150 баланы (68,3%) қамти отырып, ата-аналар шотындағы картаға 12 млрд теңгеден астам қаржы аударған. Биылғы тамыз айының соңына дейін өңірлерде жергілікті бюджеттен ата-аналардың шоттарына 100% қаражат аудару ескерілген», – деп аталып өткен министрлік ақпаратында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл әр балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға бөлінетін материалдық көмек сомасының ең төменгі мөлшері 40 567 теңге болып белгіленді.
Естеріңізге сала кетейік, ірі сауда орталықтарында табысы аз отбасылардың балаларына көмек беру пункттері ашылды. Балалардың құқығын қорғау комитетінде 74-25-28 жедел байланыс телефонына хабарласуға болады. Сондай-ақ, BALA QORǴAÝ Telegram чаты жұмыс істейді.
Дереккөз: inform.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу