8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Желтоқсан 2018 3461 0
Жалын

ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫНА 180 БАЛА ҚАТЫСТЫ

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың атынан ұйымдастырылған шыршаға 180 бала қатысты. Олар – 9 бен 13 жас аралығындағы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, даму мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар мен оқу озаттары мен дарынды балалар.

«Жарқыра, Қазақстан» атты мерекелік думан Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өтті. Балаларға жақсы таныс ертегі және мультфильм кейіпкерлері жасанған жасыл шырша жанында балақайларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  Алтын ханшайым, Ер, Төс, Би, Эльза мен Анна және Аққала, Пеппа мен Фредди, Барбоскиндар жанұясынан Дружок пен Лиза да мерекеден табылып, театрландырылған қойылым арқылы балаларды жақсылық жасауға үндеді.  Әдеттегідей, Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз Ата, Ақшақар, Ескі жыл – Ит пен Жаңа жыл – Доңыз ортаға шығып, бүлдіршіндерді  айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Еліміздің бас шыршасына арнайы шақыртумен келген өрендер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын бейнеүндеу арқылы тыңдады.  Шырша мерекесіне облыс әкімі Алтай Көлгінов те қатысып, балалармен бірге шыршаны айналып, мерекелеріне ортақтасты.

– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев балаларға әрдайым қамқорлық көрсетілетінін, білімге құштар балғындарға қолдау жасалатынын айтты. Спортпен, шығармашылықпен айналысып, тілдік дағдыларыңызды жетілдірулеріңіз үшін мүмкіндік жасалуда. Алдағы уақытта сіздерді көп жетістіктер күтіп тұр. Сабақты жақсы оқып, білімдеріңізді жетілдіре түссеңіздер, болашақта туған-туыстарыңызға, мемлекетімізге пайдалы іс атқаратындарыңа сенемін.  Осы мерекеде сіздерге армандарыңыздың орындалуын тілейімін. Ата-аналарыңыздың, ұстаздарыңыздың үмітін ақтайтын, биік шыңдарды бағындыратын азамат болуларыңызды тілеймін, – деді Алтай Сейдірұлы.

Жаңажылдық шыршаға қатысқан әр балаға Елбасының атынан сыйлықтар мен қысқы жылы киімдер, сөмке және Н.Зеньковичтің «Назарбаевтай болғым келеді» кітабы берілді.

Сондай-ақ балғындар «Body-Art» «Barber-shop» шебер-сыныптарына қатысып, «Magic land», «Funky Town» ойын-сауық орталығына саяхат жасады. Мерекелік дастарханнан соң «Musical fireworks» караоке-сазды кешіне қатысып, күнді қызықты өткізді. Мемлекет басшысының қолдауымен ұйымдастырылған жаңажылдық мереке әр баланың жадында ұзақ уақыт сақталып қалары анық.

.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Ғабдушевтің айтуынша, мерекені ұйымдастыруға жалпы 16,6 млн. теңге бөлінген. Әр балаға 85 мың 300 теңгеге сыйлық алынған.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»