БҚО-ДА 2000-ҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Батыс Қазақстан облысында қаңтар-қарашада орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 111,9 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2017 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 105,8 пайыз.

Батыс Қазақстан облысының Статистика департаментінің мәліметінше, жыл басынан қарашаға дейін өңірде 1 898 жаңа ғимарат, оның ішінде 1749 тұрғын үй және 149 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар пайдалануға берілген.
2018 жылғы қаңтар-қарашада тұрғын үй құрылысына 38,2 млрд. теңге инвестиция бағытталған немесе 2017 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 98,6%.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 406,6 мың шаршы метрді құрады, пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 2017 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 117,3% құрады.
2018 жылғы қаңтар-қарашада бюджет қаражаты есебінен 60,3 мың шаршы метр жалға берілетін коммуналдық үйлер, жұртшылық қаражаты есебінен 275,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер, кәсіпорынның меншіктік қаражат және басқа да қарыз қаражаттар есебінен 71,2 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілген.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көбеюі Теректі ауданынан басқа барлық аудандарда байқалады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Кіру
Пікір үстеу