8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Шілде 2023 1524 0
Құттықтаймыз!

Жаңа қызметіне табыс тілейміз!

Бүгін, 19 шілде күні ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып Ораз Нұрділдә Серікұлы тағайындалды.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы болып қызмет атқарып, Ақ Жайықтағы мәдени-көпшілік іс-шаралардың  ұйтқысы болып, біліміне қоса өзін  ұйымдастырушылық жағынан қабілеті зор, ынталы, жігерлі тұлға ретінде көрсетіп үлгерген Серіктің Нұрділдәсіне толағай табыс, ақ жол, құтты қадам тілейміз.

Ораз Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы «31 арна» ЖШС «Информбюро» жаңалықтар қызметінің корреспондент-жүргізушісі болып бастаған.

Әр жылдары бірқатар республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2009 жылы ішкі істер органындарына ауысып, Астана қаласының Ішкі істер Департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы, ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры-министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі болды. 2016 жылы ҚР Бас Прокуратурасы Аппарат басшысының орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі болды. Қазіргі тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы болды.

«Жайық ҮНІ» ЖШС редакциясы.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
69 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
105 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
201 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
185 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»