8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Шілде 2023 1570 0
Мезгіл мәселесі

Жедел кеңес өтті

БҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Арыновтың төрағалығымен ағымдағы жылдың алты айлық қорытындысы бойынша тергеу, анықтау және жедел-криминалистика қызметінің жай-күйі туралы жедел кеңес өтті.

Кеңес барысында қылмыстық істерді тергеу кезінде жеткен жетістіктер мен жіберілген кемшіліктер талқыланып, аумақтық бөлініс басшыларының есебі тыңдалды. Полиция полковнигі Т.Арынов алдағы кезеңде тергеу жұмысын одан әрі жетілдіру бағытында барлық кешенді іс-шараларды қабылдау, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, тергеудің сапасын арттыру, соның ішінде президенттің тапсырмасына сәйкес интернет арқылы жасалған алаяқтықтық және жасөспірімдердің жыныстық тиіспеушілігіне қатысты жасалған қылмыстарды тергеуді тиісті жолға қоюды тапсырды.

Жиын барысында 2023 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша қылмыстарды ашу және қылмыстық істерді тергеуде оң нәтижелерге қол жеткізгендері үшін бірқатар қызметкерлер грамотамен және Алғыс хатпен марапатталса, бірқатарына ақшалай сыйақы беріліп, бұрын берілген жазалары шешілді. Жедел кеңес соңында полиция полковнигі Т.Арынов ІІМ-нің бастамасымен ағымдағы жылдың 19 мамырында қолданысқа  енгізілген «Тергеу әрекеттерін дыбыс-бейнежазба құралдарының көмегі арқылы жүргізіп, қысқаша хаттама толтыру» туралы азаматтардың игілігі үшін (азаптау, қатыгез адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қатынастардың алдын-алу мақсатында) жасалып жатырған Новелланы халыққа кеңінен жеткізу және тәжірибеде кеңінен қолдану туралы нұсқаулықтар берді.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
67 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
200 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
184 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
407 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»