8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Шілде 2023 627 0
Бәрекелді!

Министр келді!

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Орал қаласына іссапармен келді. Алдымен министр 150 оқушыға арналған хаб жұмысымен танысты.

Алдағы уақытта дарынды оқушылардың инновациялық жобаларына қолдау көрсетілмек.

«Jaiq IT-Hub» орталығының салтанатты ашылуына қатысқан министр Бағдат Мусин нақ осындай хабтардың жұмысына қолдау мемлекеттен болатынын айтты. Орталық енді алыс аудандардағы дарынды балаларға қолдау көрсетіп, олардың инновациялық жобаларын дамытуға мүмкіндік жасайды.

Мұндай хабтарда бүгінде еліміздің бірқатар қалаларында бар. Және осынай орталықтар арқылы білім көкжиегін кеңейтіп , шетелдік ғалымдардан білім алған өрендер түрлі жетістіктерге жетуде. – Работатехника бұл қазіргі заманның талабы. Мұндай орталықтарды көбейту арқылы ғылымның дамуына үлес қосамыз. Мысалы талантты дарындардың жобасын дамыту арқылы бір ғылымға қажет дүниені ойлап табуға болады. Басталған жобаны аяқсыз қалдыруға болмайды. Өздеріңіз білесіздер қазіргі уақытта өмірдің жеңілдеуі түрлі техникаларды ойлап табудың жетістігі. Сондықтан қолдау бар. Енді іске сәт,-деді Бағдат Мусин.

Әзірге бұл орталықта 150 өреннің тың жобасына қолдау көрсетіледі. 4 кәсіби маман жұмыс жасайды. Бұдан бөлек еліміздің және шетелдің мамандарымен онлайн байланыс орнатылған. Ғылыми жобаларға ғалымдар қызығушылығы жоғары көрінеді.
Енді жаңа орталық кез-келген жобасы бар дарындыларды қолдап қана қоймай, олардың инновациялық идеяларының жүзеге асуына себеп болмақ.

Ал қажетті қаражат мемлекеттен қаралады.Бұдан бөлек мұнда технологиялық, кәсіпкерлік бағдарламалар бар. Сондай-ақ, әртүрлі офлайн және онлайн кездесулер, тренингтер өткізіліп, онда табысты IT-кәсіпкерлер IT, сату, стратегия және маркетинг туралы кеңестер беріледі.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»