8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Шілде 2023 1039 0
Мезгіл мәселесі

Оралда 2197 абонент жарықсыз отыр


Қатты желден ағаштар құлап, электр сымдары үзілген. Оның үстіне аптап ыстықтан қосалқы стансалардағы 5 трансформатор жанып кеткен. Оның үшеуі көп кешікпей резервтік трансформатормен алмастырылса, екеуі әлі жөнделуде. Шілденің шіліңгір ыстығы жерасты кабельдеріне де әсер етіпті. Кеше кештен бастап таңға дейін қалада 10 шақты жерасты электр желісі істен шыққан.

Қазір Батыс Қазақстан аймақтық электр желілері компаниясы күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. 14 бригададағы 52 маман табиғи апаттың зардабын жоюмен айналысып жатыр. Кешке дейін қуатпен қамтудағы іркілістерді жоймақ.

– Олар майлы трансформатор болғасын, майы қызып, жүктемені көтере алмай жану фактілері болды. 2197 абонент бүгінгі таңда жарықсыз қалып отыр. Олардың басым көпшілігі кеше кешкілік сағат 7-8 уақытында болып, түнде істен шықты. Қазір Ет комбинаты шағын ауданы, орталық базар аумағы, Әмбебап аудандары, Желаев кенті және Деркөл маңы жарықсыз отыр,- деді Батыс Қазақстан облысы аймақтық электр желілері компаниясының бас инженері Асқар Ғайсин.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
82 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
119 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
214 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
197 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»