Өзге елде есепте тұрған автокөлікті 5 жылға уақытша тіркеуге рұқсат
Көлігі өзге елде есепте тұрған азаматтар енді автокөлігін уақытша 5 жылға тіркей алады. Ол үшін мобильді қосымша арқылы немесе электронды порталда өтініш беру керек. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтын Жамалиев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.
Бұл аралықта шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сақтауға тапсырылады. Оның орнына уақытша мемлекеттік нөмір мен уақытша тіркелгендігі туралы куәлік беріледі. Меншік иесі 5 жыл ішінде көлігін шетелдік тіркеуден шығарып, Қазақстанда заңдастырмаса, автокөлікті елден шығаруға міндеттеледі.
«Көлік құралдары 5 жыл мерзімге дейін уақытша есепке қойылады. Ол азаматтар тек мемлекеттік номер үшін және көлік құралының тіркеу нөмірі үшін баж төлемдерін төлейді. Ал 200 мың теңге соманы төлемейді. ЕАЭО есебінде тұрған көлік құралын есептен шығарып, содан кейін 200 мың теңгесін төлеп, нақты есепке қоюға рұқсат берілген», – деп түсіндірді Алтын Жамалиев.
Шетелдік көліктерді заңдастыру үшін өтініш 1 шілдеге дейін ғана қабылданады. Қазір 160 мың өтініш қанағаттандырылып, көліктер тіркеуге алынған. Әлі 13 мыңнан астамы өз кезегін күтіп тұр. Одан бөлек, 7 мыңға жуық құрастырмалы автокөлік мемлекеттік есепке кірді.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу