8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Маусым 2023 2977 0
Қалалықтар қаперіне

Құрметті оқырмандар!

22 маусым күні сағат 19:00-де Атамекен өнер ордасында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әртісі, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, әнші Майра Хайдарованың «Ән – бағым» атты шығармашылық ән кеші өтеді.

Концертте Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі, «Ән қанатында» вокалды аспаптық ансамблі, «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке», «Салтанат» би ансамбльдері, «Әгугай» вокалдық тобы және Жаскелең Ғайсағалиев, Марат Сарбөпеев, Таңат Жексенбаев, Айым Қазиқызы өнер көрсетеді.

– Халық алдында есеп беру, Жайық жұртшылығымен қауышу мақсатында ұйымдастырылып жатыр. Бұл концерт, негізі, 2020 жылы дөңгелек жасқа толғанда берілуі керек еді. Елде пандемия басталғанына байланысты кейінге шегерілді. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, биылға жоспарлап, өткізгелі жатырмын. Репертуарым жаңа әндермен толысты. «Қарақат» мектеп студиясындағы шәкірттерім «Әгугай» вокалды тобы өнер көрсетеді, – дейді әнші Майра Хайдарова.

Билеттер филармония кассасында және https://ticket07.kz/ сайтында сатылады. Келіңіздер, көріңіздер, әсем кештің куәсі болыңыздар!

Байланыс телефондары: 8701-615-18-46, 8702-364-44-84, 8775-413-22-31, 8701-459-27-27

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
237 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
417 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
405 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»