Зияткер жастар – ойын алаңында
Оралда «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Білімділер додасы» зияткерлік ойыны басталды. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өтіп жатқан іс-шараға үздік жастар командалары қатысуда.
Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен бастау алған бұл жоба өңір жастарының шығармашылығын дамытуға бағытталып отыр.
Бірнеше кезең бойынша өтетін зияткерлік ойында түрлі салада еңбек етіп, үздіктер қатарынан көрініп жүрген жастардың білім деңгейі сыналып, ақыл-ой деңгейлері таразыға түспек. «Өнер мен білім сынға түсіп, шығармашылық шыңдалатын бұл жоба Ақ Жайық өңірінің озық жастары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді деп үміттенеміз. Жобамыздың мақсаты – жастар арасында ғылым мен білімді, қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, қатысушылардың бойындағы зияткерлік дағдыларын, парасаттылығын осы байқау арқылы көрсету» дейді ұйымдастырушылар.
Ойынның ашылу салтанатында сөз алған БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қалаубек Теміров шараның маңызына тоқталып, жастар саясаты саласы – мемлекеттің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Сонымен қатар қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Зияткерлік ойынға қатысатын 10 командаға ойынның ережесі мен талаптары түсіндірілді. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» атанған командалар жартылай финалда және финалдық кезеңде өнер көрсететін болады.
Жоба жыл соңына дейін жалғасады.
БҚАТУ медиа орталығы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Кіру
Пікір үстеу