8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Маусым 2023 1629 0
Бәрекелді!

Ең үздік отбасылар марапатталды

 

Бүгін, 8 маусым күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.

 

Қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов шараға қатысып, Бас жүлде иегерлерін марапаттады. – Осымен 9 жыл қатарынан қала деңгейінде «Мерейлі» отбасы байқауын өткізіп келеміз. Бізден шыққан отбасылар облыстық, республикалық деңгейде қала намысын қорғап жүр. Биылғы қатысушыларға да сәттілік тілеймін, – деп Мирболат Нұржанов жеңімпаздарды құттықтады.

 

Бас жүлдені Сүлеймендер отбасы еншіледі. І орынды Утебаевтар отбасы иеленсе, ІІ орынға Октябровтар отбасы лайық деп танылды. Жолымбетовтер отбасы мен Спиридиновтар отбасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

 

Байқауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан, «Таза қала» ЖШС, «Казпрострой» ЖШС, «My kids» балалар ойын орталығы, «Смартфон» ұялы телефон желілік дүкені, «Манго» желілік дүкені, «Хан бала» балабақшасы, «Дәстүр» ЖК, «IQ 07» оқу орталығы, «SuperStart» балаларды дамыту орталығы, «Европа плюс» мейрамханасы, «In.ai style» ательесі басшылары және жергілікті мобилограф мамандар демеушілік етті.

 

Бас жүлде және І орын иегері болған отбасылар облыстық кезеңге жолдама алды.

 

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
52 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
143 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
198 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
261 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
294 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
339 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»