Жаңа шағынауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алды

«Ақжайық» шағынауданында тұрғын үй құрылысы өткен жылдан бастап салына бастады. Қазір құрылысшылар бірқатар шараларды аяқтай келген. Бұл жұмыстарға қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген. Жыл соңына дейін мердігерлер бес қабатты 4 үйдің құрылысын аяқтауды көздеп отыр.
Қала әкімі Миржан Сатқанов жаңа шағынауданда болып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.
Енді он жылдан кейін бұл аудан адам танымастай қала көркіне сән беріп қана қоймай инфрақұрылымы дамыған жаңа жаңарған ауданға айналар түрі бар. Өйткені құрылыс жұмыстары қарқынды. Зачаганск кентінен әрі қарай 400 гектардан астам жерді алып жатқан «Ақжайық» шағынауданында құрылысшылар қызу жұмысқа кіріскен.
Бұл аумаққа 150 көпқабатты тұрғын үй мен көптеген әлеуметтік нысандар салу жоспарланған.Және болашақта су жаңа жаңа көпір құрылыс да басталатын болады. Шамамен 70 мыңнан аса адамның жайлы мекеніне айналатын аудандағы құрылыс барысымен танысқан қала әкімі Миржан Сатқанов Ақжайықтағы, жауапты мердігер мекеме өкілдеріне үлкен жауапкершілік жүгі артылғанын еске салды. Жаңа баспана тұрғындарға қолайлы болуы керек. Осы орайда, құрылысшылар «мәселе жоқ» деп сендіреді. – 120 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын бастадық. Бір бесқабатты баспананың қабырғасы тұрғызылды. Енді бірінің іргетасы қаланды. Бұл жұмыстарға 980 млн және 1 млрд теңге аралығында қаражат қарастырылған. Жалпы біздің компания Ақжайық шағынауданында 6 көпқабатты баспана салатын болады. Құрылыс материалдарының тапшылығы байқалмайды,- деді құрылысқа жауапты мердігер мекеме басшысы Асқар Қожжанов.
Белгілі болғандай, биылғы жоспар бойынша Ақжайық шағынауданында 9 үйдің қаңқасы қаланады. Оның 4-еуінде жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары толықтай аяқталады деп күтілуде. Жаңа баспанадан үмітті отбасылар қоныс тойын келесі жылы тойлауды жоспарласа болады.Қала әкімі атап өткендей мұндағы баспананың дені тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне тіркелген азаматтарға берілмек. – Ақжайық шағынауданында құрылыс жоспар бойынша жүріп жатыр. Инженерлік желілер тартылды. Баспана құрылысы аяқталысымен бұл жерде жол, балалар ойын алаңын салу сынды абаттандыру жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ әлеуметтік нысандар салу жоспарда.
Қазіргі күні мердігер мекемелердің жұмысы қалыпты. 2024-2025 жылға қарай «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 бірдей білім ордасын салу жоспарланыпты. «Жұмысшыларды маусымдық құрылысқа тарту мәселесі шешілсе, құрылысшыларға да нысандарды уақытылы тапсыру оңайырақ болар еді»,- дейді Миржан Мұнайдарұлы. Бұл ірі жоба өңірдің құрылыс саласының дамуына тың серпіліс берері сөзсіз.Қазіргі таңда инженерлік желілер толықтай өткізілген. Қосымша инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу