8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2023 2547 0
Ғылым

Министр Жәңгір хан университетінде болды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келді. Білім ордасының оқу-ғылыми нысандарын аралаған министр жастармен және ғалымдармен кездесті.

Алдымен министр Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовпен бірге білім ордасындағы «Жәрдем-Вет» оқу-ғылыми өндірістік орталығының, Ихтиология және аквакультура зертханасының, Сынау орталығындағы ғылыми зертханалардың, Жастар бастамасын дамыту орталығының, «Жәңгір хан» спорт клубының жұмысымен танысты. Сонымен қатар ғылым және білім беру бағыттары бойынша көрме жұмысын аралап, университет дамуының экономикалық көрсеткіштері, білім берудің сапасы, ғылыми бағыттар бойынша жасалып жатқан жұмыстардан хабардар болды. Бұдан соң студент жастармен және ғалымдармен кездесті.

Құзырлы министрлік университеттердің мәртебесіне, деңгейіне қарамастан, бірігіп жұмыс жасауды, оларға қолдау көрсетуді көздеп отыр. Ғылым саласына жастарды көбірек тарту, саладағы түйткілді мәселелерді зерделеу, бөлінген қаржының мақсатты түрде жұмсалуына ықпал ету жұмыстары жүргізілуде. Яғни, елімізде ғылымды жандандыру ісіне баса көңіл бөлінбек. Бұл туралы кездесу барысында сөз алған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы, биотехнология, биомедицина, генетика, селекция салаларында түбегейлі өзгерістер орын алуда. Сол өзгерістер мен жаңалықтардан хабардар болу үшін алдымен тіл білу керек. Өйткені бұл салалардағы мақалалар, ізденістер, жобалар ағылшын тілінде жазылады. Мемлекет басшысы 12 сәуірде өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында елімізде ғылым моделі өзгеретінін айтты. Енді алдағы 5-7 жылда университеттік ғылымға баса назар аударылатын болады. Соның ішінде ғылыми кадрлар даярлау, зертханалардың жұмысын күшейту, жарияланымдардың сапасын арттыру, жаңа ғылыми бағыттарды ашу, қолданбалы комменцияландыру жобаларына бет бұру – негізгі бағыттар қатарында болмақ, – деген министр Жәңгір хан университетінің ғылыми әлеуетіне оң бағасын берді.

«Бұл жағынан университет басшысы тәжірибелі, оқу орнында өндіріс ошақтарымен байланыс орнатылған, шағын инновациялық өндірістеріңіз бар. Осы негізгі бағытты ұстана отырып, жұмысты жалғастыру керек» деді сала министрі.

Сонымен қатар Саясат Нұрбек ғылымды дамытуға өз үлестерін қосып жүрген университет ғалымдарын «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және ҚР Ғылым және жоғары білім миниситрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ ғылыми дәрежелері Қазақстан Республикасында танылған қос ғалымға дипломдары табысталды.

 

БҚАТУ медиа орталығы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»