Жазғы демалысты ұйымдастыру мәселесі сараланды
Бүгін, сәуірдің 18-і күні қалалық әкімдікте қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржановтың төрағалығымен балалардың жазғы демалыс кезінде бос уақыттарын және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, спорт алаңдары мен аулаларды абаттандыру мәселесі бойынша жиын өтті.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша қалалық оқу бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайрлиев, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов жазғы демалысты ұйымдастыру бағытында кеңірек тоқталса, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Азамат Халелов аулалар мен спорт алаңдарын кешенді абаттандыру бойынша баяндады.
Басқосуды қорытындылаған қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов жазғы демалыс кезінде оқушылардың өміріне қауіп төнбеу, спорт алаңдары, аула, жол қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстауды жауапты мамандарға тапсырды.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу