8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2023 2157 0
Сайлау - 2023

Кандидаттар жұмысын бастады 

Бүгін, БҚО аумақтық сайлау орталығында журналистердің қатысуымен брифинг болды. Брифингте сөз сөйлеген аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов сайлаудың күнтізбесіне сәйкес 18 ақпаннан бастап, кандидаттардың тіркелгенін жеткізді.

Парламент мәжілісінің депутаттығына өтініш берген 14-нің 11-і ғана тіркелді. Оның ішіндегі екеуі жарнама төлемеген. Біреуі өз өтініші бойынша бас тартты. Орал қаласындағы №2, №16 округтегі кандидаттар бір орынға алты адамнан келеді. 410-ы ер адам, 122-сі әйел адам.

Ең жас кандидат Бәйтерек ауданындағы №3 сайлау округіндегі 22 жастағы Динара Насыр. Жасы ең үлкен кандидат шыңғырлаулық Тыныш Иманғалиев. 18-ақпаннан бастап кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Белгіленген кесте бойынша аудандарда, мекемелерде кездесулер өткізеді. Олардың өмірбаяндары мен бағдарламалары туралы қала орталығында 40 ақпараттық тақта ұйымдастырылады. Қосымша 50 орын тағы да қарастырылады. Әр кандидат өздерінің сенімді өкілдерін жинайды,-деп түсіндірді Ғайса Хамидоллаұлы. Сондай-ақ сайлауға түсетін кандидаттардың мемлекет есебінен өтелетін шығындары туралы қадап айтты. Жиынның соңында журналистер тарапынан қойылған сауалдарға Ғайса Қапақов толыққанды жауап берді.

Гүлжан Серікқызы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
123 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
192 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
232 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»