Е.Оңғарбектің ісі аппеляциялық сотта қайта қаралды
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО бойынша филиалы басшысының орынбасары Ерболат Оңғарбек лауазымдық өкілеттілігін пайдаланып, мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген ірі көлемдегі қаражатты талан-таражға салған. Бұған дейінгі тергеу ісінде жақтастарының саны 7-еу болса, бүгін сот залына филиал маманы Бижан Нұрқатов, кәсіпкер Анвархон Тораханов және Айдын Қамзин келді. Сәуір айында өткен сот отырысында Ерболат Оңғарбекке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді. Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Азат Ізбасаров Оңғарбектің жазасы жеңілдетілгенін жеткізді. – Ерболат Оңғарбек ҚР Қылмыстық кодесінің 361 бабы (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) және 189 бабы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша кінәлі деп танылды. Айыпталушыға 4 жыл 8 ай мерзім жаза тағайындалды,- деді БҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Азат Ізбасаров
Осылайша, 5 жылға жуық жаза арқалап, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған Оңғарбек бұл үкіммен келіспеймін деп жар салды. – Сот шешімімен келіспеймін. Менің қамақта отырғаныма 2,5 жыл болды. Мемлекеттік органда қызмет жасамадым. Отбасым мен қорғаушым әділдік орнату үшін істі жалғастыратын болады,- деді айыпталушы Ерболат Оңғарбек. Үкім заңды күшіне енді. Тарап қарсылығын жоғары сотқа жеткізе алады. Ал, Ерболат Оңғарбектің сыбайласы деп танылған Тораханов пен Қамзин қуыным мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Айнара ИСА
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу