8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қазан 2022 2860 0
Жалын

Республика күні тойланады

Араға 13 жыл салып Республика күні мемлекеттік мерекелер қатарына қайта енгізілді. Бұл күн туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек» екенін атап өткен болатын. Күні кеше жас ұрпақ бойындағы патриоттық сезімді арттыру мақсатында мектеп оқушылары бір уақытта «Қыран елім – Қазақстан» тақырыбында диктант жазды. Алда ұлттық мейрамды облыс көлемінде мерекелеу жоспарына 200 іс-шара еніп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-жоспарды құру кезінде ұлтты ұйыстыру идеясына басымдық берілген. Кітапхана, музейдегі көрмелер, театрландырылған қойылым, спорттық шаралардың мақсаты – туған жерге деген құрметті арттыру.
Тұңғыш Президент алаңында 25 қазан күні сағат 18:00-де «Менің елім, менің Қазақстаным» мерекелік концерттік өтеді. Аудан орталықтарында да кең ауқымды шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ мереке қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы жоспарланып отыр.
Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
187 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
232 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
414 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
402 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»