11 миллионға алданған
«Банктің қауіпсіздік қызметінің» тағы бір құрбаны полицияға алаяқтық туралы арыз берді. Орал қаласының тұрғыны алаяқтарға 11 250 000 теңгесін аударып жіберген.
– Жәбірленушінің айтуынша өзін «банктің қауіпсіздік қызметінің» қызметкері деп белгісіз адам қоңырау шалған. Сөйлесу барысында жәбірленушінің сеніміне кіріп, шотындағы қаражатын сақтап беремін деп алдаған. Оның жалған сөзіне 1975 жылғы жәбірленуші сенніп, онлайн банкингте несие ресімдеп, қоңырау шалушыға 4 750 000 теңгені аударған. Содан кейін басқа екі банктен 4 500 000 теңге және 2 000 000 теңге сомасына несие рәсімдеп, қаражаттарды алаяқ көрсеткен шотқа аударып жіберген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 – бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді БҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Сұлтан Шалдарбеков.
Әдетте, мұндай жағдайларда ақша қаражаты шетелдік банктердің шоттарына аударымдар тізбегі бойынша кетеді және сол жерде қолма-қол ақшаға айналады, осыған байланысты мұндай қылмыстарды ашу белгілі бір қиындықтар туғызады және алаяқтарға берілген ақшаны қайтару іс жүзінде мүмкін емес.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу