8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Тамыз 2022 1845 0
Медицина

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған болу үшін БЖТ-ді қалай төлеу керек?

     Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың өзекті сұрақтарына жауап берді.

– БЖТ-ді не үшін төлеу қажет?

– Бірыңғай жиынтық төлем – бұл азаматтардың өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандар санатын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінен тыс қалмауы үшін зандастырудың бір түрі. Бірыңғай жиынтық төлем үлесі мыналарды құрайды: 10% – жеке табыс салығы; 30% – БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдері; 40% – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар; 20% – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар. Осылайша, егер азаматтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ақша аудармаса, олар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық қызметтердің түрлерін ғана ала алады. Қалған медициналық қызметтер, зертханалық зерттеулер, жоспарлы ауруханаға жатқызу – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті есебінен.

– БЖТ-ді кім төлеуі керек?

– Бірыңғай жиынтық төлемді жеке қосалқы шаруашылық қызметкерлері, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері және жыл сайынғы айналымы 1 175 АЕК-тен кем немесе жылына 3,2 млн. теңгеден кем қызметкерлері жоқ кәсіпкерлер төлей алады. Ел аумағында тұрақты тұратындарды және оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер бола алмайды.

– БЖТ-ді қалай төлеуге болады, қанша төлеу керек?

– Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін БЖТ-дің мөлшері 2022 жылы 3 063 теңгені құрайды. Басқа елді мекендерде тұратындарға – 1 531,5 теңге.

Бірыңғай жиынтық төлемді бірнеше жолдар арқылы төлеуге болады. Бұл 24 Касса және Qiwi кассасының терминалдары. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің кассаларында, олардын мобильді қосымшаларында, және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде БЖТ-ді төлеуге болады. Толық ақпаратты fms.kz сайтынан білуге болады.

БЖТ төлеушілер ЖСН арқылы төлем жүргізілетін күнтізбелік жылдың айын көрсете отырып дербес немесе үшінші тұлға олардың пайдасына төлей алады. БЖТ-ны күнтізбелік жылдың ағымдағы және келесі айлары үшін төленуі мүмкін, бірақ өткен кезең үшін төлеуге болмайды. Сондықтан аударымдар уақытында бөлінуі керек. Егер төлем қандай да бір себептермен дер кезінде төленбеген жағдайда, берешекті дербес төлеуші ретінде 1 ЕТЖ-дан 5% немесе 3 000 теңге төлеуге болады.

– Сақтандыру мәртебесін тексеру кезінде «ЕСП емес төлем» дегеніміз не?

– Telegram боты – SaqtandyryBot арқылы сақтандыру мәртебесін тексеру кезінде алдыңғы 12 айдағы төлемдердің болуы туралы ақпарат көрсетіледі және «EСП емес төлемді» көрсетуі мүмкін. Бұл төлем жұмыс берушіден/салық агентінен, дербес төлеуші ретінде немесе жеке кәсіпкер ретінде, яғни, БЖТ қоспағанда, басқа санаттағы төлемдер жүргізілгенін білдіреді. Қарыз МӘМС бойынша төлемдер болмаған кезеңде ғана көрсетіледі.

– МӘМС-те БЖТ төлеушілерге қандай жеңілдіктер қарастырылған?

– БЖТ төлеушінің МӘМС жарналарын төлеудің қысқартылған мерзімдеріндегі артықшылықтары, оларда 3 төлем болуы тиіс, сонда ғана сақтандырылу мәртебесі беріледі. Бірақ, төлемдер алдыңғы үш айда қатарынан үзбей төленуі керек, өйткені кем дегенде бір кезеңді өткізіп алсаңыз, сақтандыру мәртебесі жоғалады. Өткен кезеңдер үшін БЖТ төлеуге болмайды, тек келесі кезең үшін төлей аласыз. Сондай-ақ БЖТ төлеушілер үшін ағымдағы ай үшін төлемнің болуы міндетті, әйтпесе МӘМС мәртебесі сақтандырылмайды.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойыша филиалы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
817 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»