Жас жігіт көпірден секіріп кетті
Орал қаласында жас жігіт көпірден секіріп кетті.БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің айтуынша, оқиға кеше кешкісін «Динамо» спорт базасы маңындағы Шаған өзенінен өтетін көпірде болған. Сағат 20.39-да пультке шақырту түскен. Көпірден секіріп кеткен 23 жастағы жігіт жағаға қарай жүзіп келе жатқан. Оған шұғыл жеткен полиция қызметкерлері көмектесіп, шамамен сағат 20.59-да жағаға шығарып алған. – Өзіне қол жұмсамақ болған қала тұрғынына жақын маңдағы 501-ші экипажда жүрген департаменттің қызметкерлері көмек көрсетті. Олар Ғаламат Хаиров Махмет Мэлс есімді азаматтар. Қызметкерлеріміз оны судан алып шығып жедел жәрдем көлігіне табыстады,– деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Еркебұланұлы. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің нақтылауынша, аталған тұрғын облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу