8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2022 1886 0
Қалалықтар қаперіне

Төлқұжатынан микрочип іздеп, мұқабасын жыртқандардың жазасы қандай?

IMG_9495

Жуырда ғана Қазақстан паспортының ішіне жасырылған чип туралы видео тараған болатын. Онда азамат осы чип арқылы құжат иесін бақылауға болатынын айтады. Осыдан соң төлқұжаттан жыртқандар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап, желіде трендке айналды. Алайда көші-қон қызметі мұндай әрекеттің негізсіз екендігін айтып, халықты сабырға шақырды. Өйткені төлқұжатта чиптің болуы халықаралық стандарт негізінде жасалған. Паспорттағы микросхемада Қазақстан азаматының жеке деректері көрсетілген әрі бұл шекарадан өтуді жеңілдетеді деді. Мұндай үлгідегі заманауи құжаттар 2009-жылдан бері беріліп келеді. Бүгінде мокрочипті құжатты АҚШ, Еуропа мен Азия мемлекеттері пайдаланып жүр. БҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Дулат Малаевтың айтуынша паспорттың беттері жыртылғаннан кейін арнайы бақылау-өткізу пунктінде электронды оқылмайды. – Паспорт жарамсыз боп қалған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Инстаграм желісінде жүрген видеороликке қарап, паспорттарыңызды жыртпауларыңыз сұралады. Әрбір азамат жеке бас құжатына мұқият болуы керек. Әлеуметтік желідегі әр видеоға қайталап баланың еңбегін жасамаңыздар,– деді БҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Дулат Малаев.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
121 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
191 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
230 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
269 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»