«ОТБАСЫ – ӨМІР АЯСЫ»
Бүгін «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – өмір аясы» атты отбасылық сайысы өтті.
Шараға қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов арнайы қатысып, отбасы күнімен құттықтады. Сондай-ақ жиналғандарды 5 маусым күні өтетін республикалық референдумға ұйымшылдықпен қатысуға шақырды. -Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт, – деген Мирболат Сағынғалиұлы референдумның маңыздылығына тоқталып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Гиждуалиевтер, Карашиндер, Маратовтар отбасы қатысқан сайыс тартысты өтті. «Күншуақ» тобы тартымды таныстыруымен көзге түссе, «Қыран» тобының бейнежазбасы сәтті шыққан. Ал «Бәйтерек» тобы әсем әнімен көрермен көңілін жаулады. Отбасылар берілген сурет арқылы мақал-мәтелді, мәтін арқылы әннің әуенін жарыса тауып, байқауға белсенді қатысты. «Анасының кішкентай көмекшісі» сайыс кезеңінде майлықты жуып, анасына жәрдемдескен бүлдіршіндерге көз сүйсінді.
Жұмыс қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының басшысы Абзал Молдағалиев шараға қатысушыларға алғыс айтып, балалар жылына орайластырылған шараның әлі де жалғасын табатынын атап өтті.
Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатындағы шара жоғары деңгейде өтті. Сайыс қорытындысында «Бәйтерек» тобы «Өнерлі отбасы», «Күншуақ» тобы «Көңілді отбасы», «Қыран» тобы «Зейінді отбасы» аталымдарымен марапатталды.
Шараға жеке кәсіпкер «Ж.С.Құспанова» @kostyumer.uralsk демеуші болды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру

Пікір үстеу