ҚОС УНИВЕРСИТЕТ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС НЫҒАЮДА
Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университеті басшылығы онлайн форматта кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге БҚАТУ басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов және проректорлар, институттар мен басқармалар басшылары,«Халықаралық қатынас бөлімі» өкілдері қатысты. Іскерлік кездесу барысында екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайту, сонымен қатар Орал қаласында ресейлік ЖОО-ның филиалын ашу туралы ұсыныстар талқыланды.
Жәңгір хан университетінің басшысы Асқар Мырзахметұлы екі білім ордасы арасында берік байланыс орнатылғанын атап өтті.
– Пандемия кезінде де бірлескен білім бағдарламалары аясындағы жұмысымызды сан алуан бағытта дамыттық. Оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын дамыту мақсатында өзара әріптестігімізді одан әрі кеңейтуді көздеп отырмыз, – деді басқарма төрағасы-ректор.
Бұдан әрі қос оқу орнының басшылығы мұнай-газ ісі бойынша қос диплом беру бағдарламасын іске асыру және Жәңгір хан университеті базасында Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінің филиалын ашу жоспарларын талқылады.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Үкіметке елімізде беделді шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу, соның ішінде екі техникалық бағдарланған филиалды батыс өңірлерде орналастыру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы ретте өндіріске қажетті мамандар даярлайтын Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың мүмкіндігі мол екенін атап өткен жөн.
БҚАТУ медиа орталығы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру

Пікір үстеу