ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ОЙЛАҒАН МЕКТЕП
Орал қаласының №50 жалпы орта білім беретін мектебі қаланың Сарытау шағын ауданында орналасқан. 2018 жылдың желтоқсан айынан ашылған осы білім ұясында қазір 1300-ден астам оқушы білім алып, тәрбиеленуде.
Мектепте 122 педагог еңбек етеді. Оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына толық мүмкіндік жасалған. Мектеп ғимаратында үйірмелер мен түрлі спорттық секциялар, ауласында балалар ойнайтын орындар мен қыста мұз айдыны жасақталған. №50 ЖОББМ-і сол шағын ауданның тұрғындары үшін білім мен тәрбие ошағы ретінде көптеген шараларды өткізуге мұрындық болып, ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасап келе жатқан үлкен ұжым. Мектебімізде қазіргі заманға сай жабдықталған асхана жұмыс жасайды. Онда оқушыларға арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша ыстық тамақ беріледі. Биылғы 2021-2022 оқу жылында мектептің 1-4 сыныптары бойынша 600-ден астам оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Соның ішінде 1-11сынып оқушылары арасында жеке санаттағы 46 оқушы, бір оқушы демеушілік арқылы ыстық тамақпен тамақтандырылып отыр.
Мен осы мектептің жанындағы қамқоршылық кеңесінің төрайымы ретінде мектеппен тығыз байланыста жұмыстанып келемін. Осы қызметімді атқару барысында асханадағы оқушылардың тамақ сапасы мен өлшемге сәйкестілігін, тазалығын үнемі назарда ұстап отырамын. Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан жас ұрпақтың денінің сау, білімді азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің басты міндетіміз деп есептеймін. Білім ошағының қамқоршылық кеңесінің мүшелері және ата-аналар комитеті бірлесе отырып, белгіленген уақытта ыстық тамақтың берілу жағдайын қарап, ұсыныстарымызды ортаға саламыз. Ал, мектеп әкімшілігі мен медбике тарапынанда оқушылардың тамақтану барысы күн сайын жіті бақылауға алынғандықтан, мектептің асханасы мен тамақ сапасы қашан барсаңда жоғары талапқа сай. Оқушылардың да көңіл-күйі көтеріңкі. Осының бәріне ата-аналармен бірге куә болып келеміз. Бұл бағыттағы жұмысымызда оқушылардың пікірлерін сұрап, ата-аналардың ризашылығын естіп жүрміз.
Осы мектеп ұжымының жұмысына, білім мен тәрбиені алға қойып, ілгері дамығанына өте қуаныштымыз. Еліміздің ертеңі балаларымыз үшін жасап жатырған барлық қызметтеріне толағай табыс тілейміз. Шәкірттеріңіз Тәуелсіз Қазақстанымыздың дамуына үлесін қосатын білімді де, білікті болып, мектептеріңіздің есімін асқақтата беруіне шын жүректен тілектеспіз.
М. КУЛЬШУРИНА,
№50 ЖОББМ қамқоршылық кеңесінің төрайымы
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру


Пікір үстеу