Батыс аймақтық ЖОО волейболшылары БҚАТУ-ДА БАСҚОСТЫ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Батыс аймақтық жоғары оқу орындарының студент қыздары арасында волейбол турнирі өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі
Дәурен Мұқанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Турнирге Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ командалары қатысып, өзара шеберліктерін сынға салды.
Екі күнге жалғасқан волейбол ойындарының нәтижесінде алаң иелері – «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» құрамасы жеңісті өз қанжығаларына байлады. Ал екінші және үшінші орындарды «М.Өтемісов атындағы БҚУ» құрамасы мен «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» құрамасы өзара бөлісті. Сонымен қатар М.Оспанов атындағы БҚМУ студенті Анна Луговая – «Үздік ойыншы», БҚАТУ студенті Диана Кинженова – «Үздік шабуылшы», БҚУ студенті Аяулым Дарибаева – «Үздік техника иегері», Атырау университетінің студенті Бұлбұл Мақсотова «Үздік қорғаушы» аталымдарымен марапатталды.
Дина ЖАНГАЛИЕВА
БҚАТУ медиа орталығының маманы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу