8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2022 2091 0
Қоғам

БҚО-ДА 100-ДЕН АСА АУЫЛДЫ СУ БАСУЫ МҮМКІН

БҚО-да су басу қаупіне байланысты 109 елді мекен есепке алынды.

Батыс Қазақстан облысының өзендерінде әлі де мұз бар. Алайда ери бастаған кезде өзен алқаптарында орналасқан 109 елді мекенге су басу қаупі төнеді. Сондай-ақ, гидротехника құрылыстарында апат болса, оларды су басуы мүмкін. Жергілікті құтқарушылар бұған жол бермеу үшін мұз кесу жұмыстарын бастап кеткен.

«Мұндай жұмыстар су тасқыны алдында жүргізіледі. Еріген кезде су тасқыны болмауы үшін мұндай жұмыстар жыл сайын жүргізіледі», – деді құтқару бөлімшесінің басшысы Нұрмұхан Жұмағалиев.

Маман облыстағы қар жамылғысы қалыпты, бірақ жауын-шашын деңгейі нормадан жоғары екенін айтты. Ауа температурасы күрт жылынып кетсе, қауіп төнуі мүмкін.

«Бүгінде ТЖ Департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көктемгі кезеңде ТЖ алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Барлық жерде қар шығарылады. Шығарылған қар көлемі – 980 мың текше метр. Су тасқыны әлі де қауіп төндіріп тұр, бірақ бүгінде жағдай тұрақты», – деп толықтырды БҚО ТЖД басқарма бастығы Нұралы Мусиев.

Наурыздың он күнінде БҚО-да 33 миллиметр жауын-шашын жауған. Наурыздың аяғында күн жылынып, сәуірдің ортасында өзендерде мұз еруі мүмкін.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/bko-da-100-den-asa-auyildyi-su-basuyi-mumkn-335591/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
48 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
219 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
271 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»