ОРАЛДА АНАСЫ 9 АЙЛЫҚ ҚЫЗЫН ЭСКАЛАТОРДАН ҚҰЛАТЫП АЛДЫ
Оралда дәрігерлер тоғыз айлық қыздың өмірі үшін арпалысып жатыр. Анасы қызын эскалатордан құлатып алған. Оқиға сауда орталығындағы бейне бақылау камерасына түсіп қалған.
Кадрлардан әйелдің баласын ұстап, эскалатормен жоғарғы қабатқа көтеріліп келе жатқанын көруге болады. Бір сәтте бала анасының қолынан шығып кетіп, төменге құлап кеткен.
Әлеуметтік желі қолданушысы оқиғаның көз алдында болғанын жазды.
«Жүрегім әлі ауырып тұр. Баланың басы ісіп кеткен, жерде жатты. Төменгі қабатқа құлады. Тірі қалды деп үміттенемін және дұға етемін. Біреудің кішкентай ханшайымы ғой», – деп жазды желі қолданушысы.
Денсаулық сақтау басқармасында 13 наурызда Asia Mall сауда орталығынан хабар келіп түскенін мәлімдеді.
«Тоғыз айлық қыз эскалатордан құлап кетті. Зардап шеккен бала қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Оған жабық ми-бас сүйек жарақаты, ми шайқалуы, қан құйылу диагнозы қойылды. Жағдайы өте ауыр, қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», – делінген денсаулық сақтау басқармасында.
БҚО полиция департаментінде баланы 35 жастағы әйелдің бірінші және екінші қабат аралығында құлатып алғанын айтты. Бұл дерек бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелген. Тексеріс жүріп жатыр.
https://stan.kz/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды

Кіру
Пікір үстеу