8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Ақпан 2022 2610 0
Қоғам

ЕРТЕҢНЕН БАСТАП №35 МАРШРУТ БАҒЫТЫ БОЙЫНША 10 АВТОБУС ҚАТЫНАЙДЫ

Құрметті қала тұрғындары!

Бұған дейін «Алый парус» ЖШС компаниясы №35-ші «№5-ші Емхана – Жайық өзенінің жағалауы» бағытындағы қалалық маршрутына үлкен класты автобустармен қызмет көрсетті. Жолаушыларды тасымалдаушы кәсіпорынның шығындарына байланысты аталмыш маршрут жұмысы тоқтатылды.

Соның салдарынан тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар келіп түсті. Ағымдағы жылдың 3 ақпанында қала әкімінің орынбасары Асхат Көлбаев №35-ші маршрут мәселесі бойынша тұрғындармен кездесу өткізіп, бір апта ішінде 2-ші жұмысшы ауданын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Қала әкімдігі тарапынан тасымалдаушы кәсіпорын басшысымен жұмыс жүргізілді.

Нәтижесінде, 11 ақпаннан бастап аталған маршрутқа 15 минут аралықпен шағын класты 10 автобус қою міндеттелді. Егер маршрут жиілігі бұзылған жағдай анықталса, қалалық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің 50-04-02 нөміріне қоңырау шала аласыздар.

uralskakimat

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
51 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
219 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
271 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»