БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА 47 МЫҢ АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ
Денсаулық сақтау мамандары атап өткендей, облыс тұрғындарының барлығы COVID-19-ға қарсы вакцина қабылдаса, сенімді қорғаныс қамтамасыз етіліп, шектеулер де жеңілдетіледі.
Бүгін, 4 ақпан күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстағы эпидемиологиялық ахуал мәлім етілді. Жыл басталғалы коронавирустық инфекцияны 8 091 адамынң жұқтырғаны тіркелген. Қазіргі уақытта амбулаторлық деңгейде 3 419 науқас ем алуда, 14 инфекциялық стационарда 394 науқас ем қабылдауда. Инфекциялық стационарлардың толымдылығы 52,5%-ды құрайды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнара Абдархманованың мәліметінше, облыс бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталғаннан вакцинаның І компонентімен 267 668 адам егілген. Бұл жалпы жоспардың 64,5 пайызын құрайды. Оның ішінде «Спутник V» вакцинасын 191 103 адам, «QazVac» вакцинасын 20 769 адам, «Hayat – Vax» вакцинасын 25 013 адам, «Corona-Vac» вакцинасын 7 735 адам, «Vero Cell» вакцинасын 23 048 адам алды. Вакцинаның ІІ компонентімен барлығы 250 489 адам егілді.
Қазіргі таңда Pfizer компаниясының «Комирнати» вакцинасын 9 095 адам алған. Оның ішінде 4 709-ы жасөспірім болса, 321-і жүкті және 4 065-і бала емізетін әйелдер.
Бүгінде облысымыздың 47 006 тұрғыны ревакцинациядан өтті. «Спутник Lite» вакцинасымен 1 805 адам ревакцинацияланды.
4 ақпандағы жағдай бойынша КВИге қарсы ревакцинациялауға Pfizer компаниясының Комирнати вакцинасымен 1 918 адам ревакцинацияланды, оның ішінде 843 медицина қызметкерлері мен 1075-і 60 жастан асқан адамдар.
– Кейбір Еуропа елдерінде COVID-19-ға қатысты шектеулерді жеңілдету жағдайлары байқалады. Алайда бұл шешім олардың халқының 80 пайыздан астамы ревакцинацияланудан өткеніне және вакцинацияланудың жоғары деңгейіне байланысты қабылданып отыр. Егер біздер шектеусіз өмір сүргіміз келсе барлығымыз вакцина алып, COVID-19-дан сенімді қорғанысты қамтамасыз етуіміз қажет, – дейді Гүлнара Әбдрахманова.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу