1 АҚПАННАН БАСТАП ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫН АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Биыл қайтарымсыз тұрғын үй сертификаттарын беруге 150 миллион теңге бөлінген. Тұрғын үй сертификатына ипотекалық тұрғын үй қарызын алу бойынша екінші деңгейлі банктен өтініші қанағаттандырылған азаматтар ие болады. Бұл туралы Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиев түсіндірді.
Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағыттары бойынша әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз және әлеуметтік қолдау бағытында қайтарымды негізде 1,5 млн теңгеге дейінгі мөлшерде беріледі.
-Сертификатты толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар санатындағы және мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру,мәдениет, спорт, ветеринария,агроөнеркәсіп, құқық қорғау салаларында қызмет ететін азаматтардың алуына мүмкіндік бар -деді Ерлан Ерғалиұлы.
Бұл сертификатты алу үшін кезекте тұрған азаматтар алдымен төлем қабілеттілігін растауы тиіс. «Отбасы банктің» тексерісінен өтіп, банк тұрғын үй заемын беруді мақұлдаған соң, қажетті құжаттар мен өтінішті тиісті бөлімге тапсырады.
Сертификат алуға қажетті құжаттар тізімі: - Өтініш; - өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат; - соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама; - жұмыс орнынан анықтама; (әлеуметтік осал топтарды қоспағанда) - банктен тұрғын үй заемын беруді мақұлдаған хат. Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй заемына мақұлдау алған және табысы бойынша талапқа сәйкес келетін азаматтарға беріледі. Сертификат алу үшін отбасының әрбір мүшесінің табыс мөшері айына 111 665 теңгеден аспауы тиіс.
2022 жылдың 1 ақпанынан бастап тұрғын үй сертификаттын алушы үміткер құжаттарды «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Қ.Аманжолов көшесі, 69/1-үй, 2-кабинетте дүйсенбі — жұма күндері сағат 9.00 –18.30 аралағында) тапсыра алады.
@jkh_uralsk
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу